9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы са¬ласы үшін өзекті мәселе. Осы¬¬ған орай Мемлекет басшысы пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттарға арналған жерлерге кешенді мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылған болатын.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы және құзырлы органдар бірлескен жұмыс тобы мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бірқатар елді мекендердегі жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтқанда, Ынтымақ шағын ауданы аумағынан 15,73 га. және 24,15 га. бос жер учаскесі Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына тұрақты жер пайдалану құқығымен рәсімделді.Президент тапсырмасына сәйкес, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы және құзырлы органдар бірлескен жұмыс тобы мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бірқатар елді мекендердегі жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. «Қазіргі таңда жоғарыда аталған аудандық жұмысшы топтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің шағын кәсіпкерлерге тексерулер жүргізуге жарияланған мораторий талаптарын ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің иелігіндегі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруға және нысаналы мақсатына сәйкес мал басы санын тіркетіп, игеруге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ескерту хаттары таратылуда», – делінген қала әкімдігі хабарламасында.
Бұдан бөлек, Шымкент қалалық жер комиссиясында анықталғандай 9 жер учаскесінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Бүгінде жалпы алаңы 14,34 гектар жерді басқармаға рәсімдеу жұмыстары әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, арнайы құрылған жұмыс тобының мониторинг жұмыстары жалғасады. Бұл бағыт бойынша бос жер телімдері анықталған жағдайда мемлекет теңгеріміне алынады.

Ұқсас ақпараттар

«ГРАМАД» САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ЖАҢА ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

smarttop

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру