4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН ЖЕТІ СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласының тұрғындарына аулалар мен көпқабатты үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға тікелей араласауына мүмкіндік береді.

Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылады. Бұл жөнінде Қаратау ауданы әкімдігі хабарлады.

Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта 2023 жылы 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Оның ішінде, Тұран шағынауданында — 2, Нұртаста — 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабына — 1 спорт алаңы салынады.

Спорт алаңдарында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған беседка, қоқыс жәшіктері және орындықтар қойылады. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді. Айта кетсек, орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады. 2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Бүгінге қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ МЕКТЕП ҒИМАРАТТАРЫН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САҚАДАЙ САЙ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БАЙЛАНЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Полицейлер жанармай құю бекетінде тұрған кранның құрылғысын ұрлаған күдіктіні анықтады

smarttop

Пікір қалдыру