9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ -НАЗАРДА

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер.

Былтырғы жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, биыл 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жолдың сапасын жақсарту – мемлекет инфрақұрылымының ең маңызды элементтерінің бірі. Еліміздің экономикалық өркендеуінде жол желілері дамуының деңгейіне тікелей байланысты.Сапаны жақсарту мәселесінің тағы бір шешімі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ елдімекендер көшелерін орташа және ағымдық жөндеу кезінде техникалық қадағалауды қамтамасыз ету болады.Жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 71 мың шақырым, соның 25%-ы бүгінде қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдың 27 мың шақырымына жөндеу жүргізу көзделген. Бұл жолдардың 95%-ын нормативті жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді.Жолдың қауіпсіздігімен үздіксіз қамтамасыз ету кезінде мердігер жағынан жолды қардан мұздақтардан жою сәттерінде директивалық сроктардың орындалмауы байқалады. Сол себепті бірнеше ақаулықтар және жолдардың талапқа сай келмеген материалдар тез арада тапсырыс беруші мен мердігерге жолданып отырады.

Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құраса, биыл оны 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы, қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: 2023 ЖЫЛЫ АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 60 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРГЕ КӨКТЕМГІ КҮТІМ ЖАСАЛУДА

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІН ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АВТОБУС МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

smarttop

Пікір қалдыру