16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

«2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланып, қаржы көлемі алғаш рет 613 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеу шешімі қабылданды.
Сонымен қатар сессия отырысында жергілікті тұрғындардың пікірі негізінде 139 көше, 13 білім беру ұйымдары мен кітапханаға атау беру бойынша Үкімет жанындағы ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы бірлескен шешім қабылданды.

2022 – 2024 жылдарға арналған қала бюджетінің өз кірістерінің түсуін болжау Қазақстан Республикасының Салық және бюджет кодекстерінің, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескеріле отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды.

Жоспарлы кезеңге қала бюджетінің меншікті кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2020 жылғы бюджет кірістерінің атқарылуы туралы есептің деректері, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы бюджетке түсетін түсімдер серпінінің базасында ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалау ескерілді.

2022 жылға арналған қала бюджетінің меншікті кірістерінің болжамы (трансферттердің түсуін есептемегенде) 145 723 952 мың теңге, 2023 жылға — 152 525 268мың теңге, 2024 жылға — 157 461 626 мың теңге сомасында анықталды.

Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптауға арналған қызметтерді көрсету тарифі бекітілді.
Бөлінген қаражат пен межеленген жоспарлар қала халқының табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚАНДАЙ САНАТТАҒЫ АЗАМАТТАР ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНЫП ЖАТҚАН ЭТНОАУЫЛДА 160 КИІЗ ҮЙ ТІГІЛДІ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру