2022 – 2024 жылдарға арналған қала бюджетінің өз кірістерінің түсуін болжау Қазақстан Республикасының Салық және бюджет кодекстерінің, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескеріле отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды.
Жоспарлы кезеңге қала бюджетінің меншікті кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2020 жылғы бюджет кірістерінің атқарылуы туралы есептің деректері, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы бюджетке түсетін түсімдер серпінінің базасында ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалау ескерілді. Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасында шығыстар мемлекеттік органдар саясатындағы жекелеген бағыттардың өзгеруін, сондай-ақ 2020 жылғы және 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы бюджеттің атқарылу қорытындыларын ескере отырып көзделген.