Жолдаудағы кәсіпкерлікті қолдау шаралары түсіндірілді. Бүгінде Шымкент қаласында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Жолдаудың шараларын түсіндірді.
Онда Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов жас кәсіпкерлерге Жолдауда айтылған бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп берді. Қазір арнайы автоматтандырылған бағдарлама дайындалуда, онда тұрақты түрде, онлайн тәртіпте, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратында және өңірлік палатада кәсіпкердің өтініш берген уақыты, жұмыстың қалайша жылжып жатқаны, жүзеге асыру мерзімінің созылып кетпеуі бақыланып отыратын болады.Кәсіпкерлер көбіне қандай мәселе бойынша кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына жүгінетінін де тұрақты қадағалап отырамыз. Мәселен, Шығыс Қазақстанда жақында ашылған орталықтың қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлердің көбіне жер мәселесі, архитектура, «Бизнестің жол картасы-2020», шағын қалаларды дамыту бағдарламаларына қатысты, сонымен қатар, кепілдік жарна болмаған жағдайда несие алу мүмкіндігі, жеке кәсіпкерлік ашуға байланысты болды.
—Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. Бұл бағыттағы үлкен жаңалық ретінде еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас азаматты жұмыспен қамту жөніндегі бастаманы айтуға болады. Сондай-ақ, Президент жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле беретінін, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін айтты. Менің ойымша, шындығында бұл бастамалар қоғамның үйлесімді әрі әділетті болуын қамтамасыз етеді, — деді Х.Сәрсенов.
Айта кетейік, кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру жөніндегі ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойды.