6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА СУ АЛУ ҚАУПІ БАР 8 ОРЫНҒА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН САЛУ МАҚСАТЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КОНКУРСЫ ӨТУДЕ

Бүгінде Қаратау ауданы аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға (Ұзындығы 13,7 шақырым) ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2023 жылы 8 орынға ирригациялық арық жүйелерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Мердігер мекеме анықталуына орай, құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.
Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 74 көше асфальттау жоспарланған. 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.
Жалпы 2023-2025 ж.ж. аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.2022 жылы Қаратау ауданы аумағындағы 3 елді мекен Қайнарбұлақ т/а, Асар-2 және Сайрам т/а құрылыс жұмыстары басталған. Аталған елді мекендердегі ауыз су құрылысының жұмысы 2023 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.

Ағымдағы жылы 34 балалар және 7 спорт алаңша салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме анықталуына орай атқарылатын болады. Сонымен қатар, аудан аумағында 3 аллеяның құрылыс жұмысытары жүруде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды.

Бүгінде Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2022 жылы 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Ал 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 21 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ 95% АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

smarttop

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 34 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

smarttop

Пікір қалдыру