13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АУДАН АУМАҒЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 41%-ДЫ ҚҰРАЙДЫ

Бүгінде жаңа шекараға байланысты кәріз жүйесімен қамтылған 8 шағынаудан мен орталықтағы жеке секторлар Әл-Фараби ауданының аумағына өтті.
Осыған байланысты, қазіргі таңда ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды.
Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында, кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы 2023 жыл қорытындысымен аяқталатын болады.
Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталған, ағымдағы жылы меншік иелері тарапынан пәтерлерді мамыр айынан бастап абоненттеу жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінде Еңбекші ауданы бойынша 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,3%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,5% құрады.
2022 жылы аудан аумағындағы 9 елді мекенде жалпы 2013 абонентке сапалы электр желісі тартылды.
2023 жылы Исфиджаб елді мекенін сапалы электр жүйесімен қамту үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі анықталып жобалау сметалық құжат әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қарабастау Жаңақұрылысында Саулет-жоспарлау тапсырмасы (АЗП) әзірленеді.
2022 жылы Еңбекші ауданы бойынша ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған болатын.
Бүгінде Еңбекші ауданына қосылған 7 елді мекеннің құрылысы аяқталу жоспарлануда.
Жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізіп қазіргі таңда жұмыстар аяқталу үстінде. Аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.
Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында — 340 учаске, Оңтүстік-Жаңақұрылыста — 989 учаскеге жобалау сметалық құжат әзірленуде.
2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтары 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

“ШЫМКЕНТ – ЦИРКІ” ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ

smarttop

ЖОЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІНДЕ ШЕШУ

smarttop

БОЛАШАҚ СТУДЕНТ МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК

smarttop

Пікір қалдыру