Шымкент қалалық онкология орталығында 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде.
Атап айтқанда: кеуде, іш қуысы органдарының қатерлі ісіктеріне жасалынатын кіші инвазивті операциялар саны жыл санап артуда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықта мұндай -115 күрделі операция жасалынған. Қазіргі таңда орталықтың хирургия бөлімшесі Шымкент қаласы бойынша кеуде қуысы патологияларына кіші инвазивті операциялар жасайтын жалғыз орталық болып табылады.
2021 жылдан бастап өңештің қатерлі ісіктеріне жасалынатын тораколапароскопиялық операциялар күнделікті тәжірибеге енгізілді. Осы уақытқа дейін мұндай күрделі операциялар республиканың жетекші ғылыми зерттеу институттарында ғана жасалынып келген болатын.
2023 жылдың 1 сәуіріне дейінгі қала көлеміндегі «Д» есептегі науқастар саны
7 319 адамды құрайды. Бүгінгі таңда ағымдағы жылдың 3 айында алғашқы рет өмірінде «Д» есепке 346 науқас алынды.
Сонымен қатар 2023 жылдың 3 айында онкологиялық аурудың алғашқы кезеңінде анықталғандардың арасынан 0-1 сатысында 73 науқас анықталса, бұл 23,1 пайызды құрап отыр.
Науқастардың бес жыл және одан артық өмір сүруіне келер болсақ, 2023 жылдың 3 айында 52,5 пайыз болса, салыстырмалы 2022 жылдың 3 айында 51,5 пайыз, 1,0 пайызға өскен.
Скринигтік тексерулер бойынша бүгінгі таңда сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісіктеріне жасалады. Бүгінгі таңда жоғарыда айтылған скринингтердің орындалуы жоспарлы түрде өтуде.
Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар. Жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды.
Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында-490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында-390 төсек орын, № 3 қалалық ауруханасында -210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында-315 төсек орын бар.
Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді.
Шымкент жүрек орталығында-134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта-231 төсек орын, Т. О. Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында- 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығы нда– 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 360 төсек орынмен жабдықталған.
Қалада 2 босандыру стационары бар. Оның ішінде қалалық перзентханада — 162 төсек орынмен және қалалық перинаталдық орталық -165 төсек орынмен жабдықталған.