4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАМЫЗДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ 4 СТАЦИОНАРЛЫҚ МЕКЕМЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

Шымкент қаласында Оңалту орталығы бойынша стационарлық көмек көрсететін 4 мекеме бар:
Оның ішінде
№1 оңалту орталығында – 100 төсек орын,
№2 оңалту орталығында – 100 төсек орын,
«Мейірім» оңалту орталығы — 130 төсек орын,
«Ана мен бала» оңалту орталығы — 60 төсек орынмен жабыдақталған. .
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін 35 142 пациентке стационарлық көмек көрсетілді. Оның ішінде 11 386 жоспарлы түрде және 23 756 пациент шұғыл түрде келіп түскен.

2023 жылдың Шымкент қаласындағы халықтың саны 1 176 434 адамды құрайды, оларға МСАК деңгейінде қызмет көрсететін медициналық мекемелердің жалпы саны 51.
Қалалық онкологиялық орталық 261 төсек орынмен жабдықталған, оның ішінде ауруханалық 231 төсек орын, 30 төсек орын күндізгі бөлімше және құрамында 150 келушіге арналған емханасы бар.
2022 жылы орталықта 20 төсек орнына арналған онкгематология бөлімшесі ашылып, қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарына жоғары дозалы химио-имунттерапиялық ем жүргізілуде.
ҚР 2018-2022 жылдарда онкологиялық аурулармен күресудің Кешенді жоспарын іске асыру Жол картасы аясында, ЖШС “МедИнвестГрупп Казахстан” мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құрамында жоғары сәулелі сызықтық үдеткішті және позитрон-эмиссиондық томография (ПЭТ) КТ құралдары бар ядролық медициналық орталық ашылды. Бүгінгі таңда жоғары сәулелі сызықтық үдеткішті 850 науқас ем алса, ал позитрон-эмиссиондық томография (ПЭТ) КТ 134 науқас тексеруден өткен.

2022 жылы онкологиялық орталықта заманауй бипланды Phillips AZURION-7 ангиографының орнатылуымен науқастрға жасалынатын эндоваскулярлы операциялар санының артуы байқалуда. Қазіргі таңда бұл құрылғының көмегімен бауыр, бас мойын, жамбас қуысы ісіктеріне шалдыққан науқастарға түрлі деңгейдегі күрделі эндоваскулярлы оталар жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 356 науқасқа эндоваскулярлы операциялар жасалынды. Соңғы 4 жылда мұндай күрделі операциялар онкологиялық дертке шалдыққан -1800 науқасқа жасалынды.
2019 жылдан бастап сүт безінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастарға күрделі рекнструктивті-пластикалық операциялар жасалынуда. Мұндай операциялардың көмегімен науқастың өмір сапасын жақсартып, психологиялық реабилитациядан өту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мұндай күрделі, инвазивті емес операциялардың тәжірибеге көптеп енгізілуі науқастарды ерте сауықтыруға және операциядан кейінгі асқыныстар санын азайтып, нәтижесінде жүргізілген емдеу әдістерінің тиімділігін арттырары сөзсіз.

Ұқсас ақпараттар

ГРАНТТЫ ҚОРҒАУ БАСТАЛДЫ

smarttop

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру