3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

БЫЛТЫР 455 ШЫМКЕНТТІК ЖАС ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ КӘСІП БАСТАДЫ

✅Былтыр қалада жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары аясында кәсіпкерлікпен айналысуға 1 195 адамға қайтарымсыз грант берілген. 🔹Мемлекет қолдауына ие болғандардың 455 і- 29 жасқа дейінгі жастар. 🔹Бүгінде жастар тез даярланатын тағам өнімдерін дайындауға, әсемдік салондары мен кондитерлік және киім дүкендерін ашуға қызығушылық білдіруде. 🟢 Қайтарымсыз қаражат алып, хоббиін табыс көзіне айналдыра білген жеке кәсіпкерлердің бірі – Салтанат Дәуренбекова. Ол қайтарымсыз грант алып, «Айналайын» арт студиясын ашты.

Грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар – бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және қазіргі жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны бизнес-жобаңыз туралы деректермен толтырып, грантқа онлайн өтініш берген кезде пайдалану қажет.

Гранттарды грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссиялардың шешімдері негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді.

Үміткерлер комиссия отырыстарында бизнес-жобаларын таныстырады. Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды. Олар  келесі критерийлер бойынша бағалау парағын толтырады:

  • бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
  • өткізу нарықтарының пысықталуы;
  • бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
  • кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі;
  • жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, комиссия грант беру туралы шешімді нақты критерийлерге сүйеніп қабылдайды.

Ұқсас ақпараттар

Региональный кадровый резерв: кто может принять участие?

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАПСЫРУЫ ТИІС

smarttop

Пікір қалдыру