9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ІСКЕР ҚАЛА»: КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ 75 % МЕМЛЕКЕТТЕН ТӨЛЕНЕДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов өнеркәсіптік парктерді аралап, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
SILKWAY ALLIANCE паркінде бүгінде 6 кәсіпорын шоғырланған. Мұндағы өндіріс ошақтары тұрмыстық химия, трансформаторлық жиһаздар мен полиэфирлі шайырдан жасалған бұйымдар өндірумен айналысады. Мұрат Дүйсенбекұлы өндіріс ошағын аралап, кәсіпкерлердің талап-тілектерін тыңдады.
Түрлі бағытта іске қосылған зауыт-фарбрикаларда қазір 50-ден астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорындар жылына 76 млн теңгенің салығын төлеуде. Бұл жалдау шығынынан 6,5 есеге артық.
Қала әкімі Қайнар май өнеркәсіптік саябағында орналасқан 5 кәсіпорынның жұмысымен де танысты. Мұндағы өндіріс ошақтары құрылыс индустриясына арналған ВР-торларды, тамақ өнімдерін, тұрмыстық химия шығарып, шойын мен болат құю өндірісімен айналысуда.
Цехтарда қазір 30 адам жұмыс істейді. Бүгінде өндіріс орындары жылына 12 млн теңге салық төлеуде. Алдағы уақытта парк аумағы 2 мың шаршы метрге ұлғайып, мұнда жаңа жобалар іске қосылады. Айта кетейік, бұл индустриялды аймақта жеке инвестордың есебінен инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, өндірістік ғимараттар салынады. Өз кезінде шағын кәсіпорын орнын ашқысы келетін кәсіпкерлер осы аймақтан дайын ғимаратты жалға алады. Ал, «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жалға алу құнының бір бөлігі субсидияланады. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер ұсынылады. – Бүгінде мемлекет өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отыр. Бұл бағытта бірнеше ұлттық жобалар қабылданып, бүгінде нәтижелі орындалуда. Ал, Шымкент қаласындағы «Іскер қала» өңірлік бағдарламасындағы қолдау тетіктері кәсіпкерлер үшін тиімді. Ұлттық экономика министрлігі бұл тәжірибені зерттеп, бүкіл республикаға тарату мүмкіндігін қарастыруы тиіс, — деді Премьер-министр. Айта кетейік, «Standard Stell KZ» компаниясы тиісті зауыттың бірінші кезеңіне 2.8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл кезеңде жылына 4 608 тонна мыс-күміс консентратын шығаратын өндіріс іске қосылған. Екінші кезеңнің инвестициялық құны 10.5 миллиард теңгені құрайды. Ол іске қосылғанда зауытта жылына 20 900 тонна мырыш оксиді өндірілетін болады.
Қазіргі таңда кәсіпорындардың жалдау ақысының 75%-ы «Іскер Қала» іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттен төленуде.
Өндіріс ошақтарының жұмысын бақылаған кала әкімі импорт алмастыруда жобалардың тиімділігін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға инфрақұрылым сапасын жақсартып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ: 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

АҒАЙЫНДЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРАТАУЛЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру