Қазір Қарабастау шағынауданында ауызсу құбырлары жүргізілуде.
– Осы мыңнан астам мәселенің 576-сы шешімін тапты, 249-ы орындалуда. Ал 195 мәселе 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілді. Жалпы, тұрғындар ең көп сұрайтын мәселе – инженерлік инфрақұрылым. Осыған байланысты мегаполисті дамытудың кешенді жоспары жасалған. Тиісті жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда қала тұрғындарының ауызсумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызды құраса, 2023 жылы 100 пайызға жеткізілмек. Электр энергиясымен қамтамасыз ету көрсеткіші де дәл осындай. Ал табиғи газ пайдаланатын тұрғындар саны биыл 94,7 пайызды құрап отыр. 100 пайызға 2025 жылы қол жеткіземіз деген жоспар бар. Бұл тұста тұрғындар да көмек беріп, өзекті мәселелерді бірге анықтап, кейін нысандарды күтіп-ұстаса, жақсы болар еді. Осы орайда Еңбекші ауданының тұрғындары ұйымшыл келеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.Қала әкімі Шымкенттің жалпы көрсеткіші мен даму жоспарына тоқталса, Еңбекші ауданының әкімі
Досбол Күздікбайұлы өндірістік аудан саналатын ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Есепті кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қос әкімнің жауабын тыңдады.– Осы мыңнан астам мәселенің 576-сы шешімін тапты, 249-ы орындалуда. Ал 195 мәселе 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілді. Жалпы, тұрғындар ең көп сұрайтын мәселе – инженерлік инфрақұрылым. Осыған байланысты мегаполисті дамытудың кешенді жоспары жасалған. Тиісті жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда қала тұрғындарының ауызсумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызды құраса, 2023 жылы 100 пайызға жеткізілмек. Электр энергиясымен қамтамасыз ету көрсеткіші де дәл осындай. Ал табиғи газ пайдаланатын тұрғындар саны биыл 94,7 пайызды құрап отыр. 100 пайызға 2025 жылы қол жеткіземіз деген жоспар бар. Бұл тұста тұрғындар да көмек беріп, өзекті мәселелерді бірге анықтап, кейін нысандарды күтіп-ұстаса, жақсы болар еді. Осы орайда Еңбекші ауданының тұрғындары ұйымшыл келеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Елдімекенді сапалы сумен қамту жұмыстары 48% аяқталды. Ұзындығы 74 шақырым құбыр 1 жарым мыңнан астам абонентті тіршілік нәрімен тәулік бойы үздіксіз қамтиды. Жұмыстар биыл қараша айында толығымен аяқталады. Алдағы уақытта ауызсу құбырын тарту жұмыстары Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында жүргізілетін болады.
1 Пікір
Itís hard to come by knowledgeable people about this subject, but you sound like you know what youíre talking about! Thanks