3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Оқушыларды тасымалдаушы автобуста кемшіліктер анықталып, жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларға көшелер мен жолдарда жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында «Абайлаңыз балалар» республикалық акциясы өтуде.

Осыған орай Келес АПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары ауданда орналасқан 8 мектепке тексеру жұмыстарын жүргізді.Тәртіп сақшылары оқушыларға жолда жүру ережелерін толыққанды түсіндіру, қауіпсіздік үшін оларды арнайы жол белгілерімен таныстыру аясында лекциялар оқып, сабақ өткізді. Бұған қоса полиция қызметкерлері Көліктік бақылау органдарының өкілдерімен бірлесіп, балалардың ұйымдасқан топтарын экскурсияға, мектепке тасымалдауға арналған автобустардың техникалық жағдайы мен құжаттарын тексеру барысында заңсыздықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» және ӘҚБтК-нің 620-бабы » Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ акция барысында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, беймезгіл уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық кешендерінде, саябақтар мен алаңдардарда заңды өкілдерінсіз жүруін болдырмау үшін профилактикалық жұмыстарды атқарды.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін қосымша сақтық шараларын қарастырып, балаларды көшеге рұқсатсыз жалғыз жібермеу керектігін қатаң ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

АЭРОПОРТТА ЖОЛАУШЫ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ 2 МЫҢ АДАМҒА АРТАДЫ

smarttop

МЕРЕКЕЛІК АСТАН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

smarttop

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ: «КАЖДОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО ДОЛЖНО ВЫПОЛНЯТЬСЯ КАЧЕСТВЕННО»

smarttop

Пікір қалдыру