5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

СУ АЙДЫНДАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

2023 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында, келесідей іс-шаралар жоспарланды:
— жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды көбейтіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;
— су айдындарының қауіпті және демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде су айдындарына тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату;
— каркасты-модульдік бассейндерді сатып алу және балаларды жүзуге үйретуді пысықтау;
— мектеп оқушыларының жазғы демалысқа шығуына байланысты, «Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мектептер мен балабақшалардың «ата-аналар» топтарына жарнамалар мен бейнероликтер орналастыру жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыру.
Шымкент қаласы аумағында суға шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталды.
Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтап, ҚР Әділет министрлігі қол қойып, нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
Олар:
1. Бадам өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
2. Сайрам-су өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
3. Текесу су қоймасы;
4. Ақжар су қоймасы;
5. Шымкент магистралды каналдың қала аумағында орналасқан барлық арналары;
6. Янги-шек каналының қала аумағында орналасқан барлық арналары;
7. Қарасу өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
8. Қошқар ата өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
9. Қайнарбұлақ жасанды көлі;
10. Азат каналы;
11. Көкбұлақ каналы;
12. Хауау каналы;
13. Сасық каналы.

Ұқсас ақпараттар

ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕРІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

smarttop

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 449 АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 77 ПАЙЫЗЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру