Smarttop.kz

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

❇️ Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру және инфляцияны төмендету жөніндегі кешенді шаралар қаралды. Отырыста халықты 100 Мбит/с деңгейіндегі интернет желісімен қамтуды көздейтін ұлттық жобаны іске асыру тетіктері пысықталды. Үкімет басшысы байланыс операторларының жауапкершілігін арттыра отырып, ел аумағында байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының мониторингін күшейтуді тапсырды. 🔷 «Smart city» тұжырымдамаларына сәйкес Шымкенттегі 10 базалық станция 5G технологиясымен қамтылды. Алдағы жоспар бойынша жыл соңына дейін қаладағы 100-ге жуық базалық станцияны 5G технологиясымен қамту қарастырылуда. Сондай-ақ биыл 20 елді мекен оптика желісімен қамтылып, 200 мыңға жуық қала тұрғыны сапалы интернет желісіне қосылуға мүмкіндік алады. 🔷 Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптыларға бір апта ішінде елдімекендердегі байланыс пен интернет жылдамдығынына жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті. Талдау қорытындысына сәйкес қаланың ерекшелігін ескере отырып, кешенді жоспарды бекітуді тапсырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмет

Ұқсас ақпараттар

«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДА АУҚЫМЫ КЕҢ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ СЕРПІНІ: ЖОЛДАР, ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру