Smarttop.kz

Түркістан облысында полицияға тұрғындар 50-ге тарта қару тапсырды

Түркістан облысында 10-сәуірден бастап атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарда заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акция өткізілуде. Мәселен акцияның 8 тәулігінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына 36 тұрғын келіп, өз еріктерімен 49 дана отты атыс қару тапсырған. Оның ішінде 43-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, алтауы ойық кіші калибрлі мылтық пен 700-ден астам түрлі оқтар. Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.
ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Бүгінгі таңда өз еріктерімен қаруларын полицейлерге тапсыратындар саны артып келеді.
Сондай-ақ тұрғындарға ескертеміз, қаруды заңсыз сақтағаны үшін кез-келген азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады. Сондықтан қару сақтаудың, оны пайдаланудың жауапкершілігін сезініп, өз еріктеріңізбен тапсырсаңыздар жауапкершілікке тартылмайсыздар» — деп атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІКТЕР БІРЛІК МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру