0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 65 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 65 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді.Жаңа бағдарлама жас отбасылар үшін тиімді дейді мамандар. Тек сол отбасын құрған ерлі зайыптылардың жасы 29-дан аспауы тиіс. Және некеде тұрған уақыты 2 жылдан кем болмауы шарт. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің мен­шік құқығында бұрын-соңды баспана бол­мауы керек. Сонда ғана, қалаған пәтеріңізді жалға алу құқымен сатып алуға мүмкіндігіңіз болады.Дәл осы мәселе төңірегінде пікір мен ұсыныс көп. Президенттің тапсырмаларына қатысты бағыттарды қарастыруда облыс жастарымен жұмыс жасайтын бөлімі бар басқарма басшысы Гүлмира Тағаева сол отбасыларға серпін берер бағдарламаның кейбір шарттары түсініксіз екенін жасырмады.

Ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда мемлекеттік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізгі қаржы институты. Сондықтан бұл банктің ресми көзқарасы көпшілік үшін маңызды болары хақ. Ең бастысы жас отбасылардың табыстары күн көріс деңгейінен 3 есе артық болса болғаны дейді банк қызметкерлері.

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынатын нысандар шектеулі көрінеді. Шілденің бірінен бастап, күшіне енген бағдарлама бойынша біздің қалада 6 көпқабатты үй салынады екен. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімі хабардар етті. Сондықтан да болар, алдымен несиені өтеуге қабілеті бар­лар­ға басымдық берілетін көрінеді.

🔷 Жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан. Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады

smarttop

«Жол қауіпсіздігі» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ӨЗЕН — КӨЛДЕ БАЛЫҚ ӨСІРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру