Сенатт депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған «Қамқорлық»орталығына барды.
Бұл орталық әртүрлі даму бұзылыстарынан зардап шегетін кішкентай балаларға көмектесуге арналған. Мұнда сәбилер жаңа медициналық жабдықта білікті медициналық көмек пен оңалту терапиясын алады. Бөлімше 100-ден астам баланы қамтуға есептелген.
2027 жылға дейін барлық облыста заманауи оқу-сауықтыру орталықтары ашылмақ. Олардың ашылуы балаларды қамту көрсеткішін айтарлықтай ұлғайтады. Жазғы орталықтардағы көрсеткіш жыл сайын 25 пайызға өседі деп күтіледі (2022 жылы бұл орталықтарда 178 мың бала демалды). Ал жыл бойы жұмыс жасайтын орталықтардағы қамту көрсеткіші екі есе өседі (2022 жылы 77 мың бала қамтылмақ).
Қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы бөлінеді және бұл салаға инвесторларды тарту да көзделіп отыр. Балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған 100 нысанның (оқушылар сарайы) құрылысы республикалық бюджет есебінен іске асырылады.
Балалар қосымша біліммен 100 пайыз қамтылады. Бұл көрсеткішке ірі қосымша білім беру нысандарын салу арқылы ғана емес, осы мақсаттарға мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңмен ұлғайту арқылы қол жеткізілмек. Сонымен қатар, ауыл мектептерінде комьюнити-орталықтар ашу және ескі мектептен тыс ұйымдарды жаңғырту жоспарланып отыр.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша осы мақсатта Жол картасын бекітіп, жер учаскелерін бөлу шараларын қабылдау туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ, қысқа мерзімде балалар сауықтыру орталықтары мен ірі қосымша білім беру объектілерін салу, ескі объектілерді реконструкциялау немесе қайта форматтау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу міндеттелді.
Орталықта балаларды бақылау мен емдеуді мамандар тобы жүргізеді-бұл невропатологтар, реабилитологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, ортопедтер мен педиатрлар, сондай-ақ педагог-дефектологтар, логопедтер, кәсіптік терапевттер, балалар психологтары.
Кездесуде Орталық қызметкерлері өздерін қызықтырған мәселелер көтеріп депутаттарға сұрақтар қойды.
Кездесуді қорытындылай келе, Нұрлан Бекназаров балалардың денсаулығын сақтау, сондай — ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау-бұл ерекше бақылаудағы мәселелер екенін атап өтті.