13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 35 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

❇️ Екі жүз мыңнан аса тұрғыны бар Еңбекші ауданында орналасқан 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып келеді. Яғни 2021 жылы 41 көпқабатты үйдің аулалары абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылса, 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы көріктендіріліп, 11 кешенді балалар ойын алаңшалары салынды. Сондай-ақ, биыл 35 көпқабатты үй ауласы және 4 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары басталды. Аса ірі және ірі қалаларда жер асты кеңістігін кешенді пайдалану мақсатында оларда өзара байланыстағы қалалық транспорт құрылыстарын, өндірістер мен сауда,
қоғамдық тамақтану мен коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету, ойын-сауық және спорт
орындары мен көмекші мекендер, әкімшілік, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары мен
инженерлік құралдар жүйесі нысандары, түрлі мақсаттағы өнеркәсіптік және қоймалық
нысандарды тиімді орналастыру керек.
Барлық қала құрылысының функционалды аймақтарындағы жер асты
кеңістіктерінде мұндай нысандарды орналастыру үшін Қазақстан Республикасының
заңнамаларында көрсетілген осындай нысандарға қойылатын санитарлыэпидемеологиялық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауміндетті.
Елдімекендерде сыртқа жарнамалар Сыртқы жарнамалар Ережелеріне сәйкес
орналастырылады.
Тұрғын үйлердегі жекелеген спутниктік, эфирлік қабылдау құрылымдары
құрылыс салудың жергілікті ережелеріне сәйкес орналастырылады. 🔷 Айта кетейік, Еңбекші ауданы бойынша былтыр 18 көше жарықтандырылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы арқылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылған. Ал биыл 28 көшені жарықтандыру жоспарланған. Сонымен қатар өткен жылы су алу қаупі жоғары 21 мекенжайға ұзындығы 7 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды. 2023 жылы 13 көшеге 6 шақырым ирригациялық арықтар орнату жұмыстары басталды. Қалған 23 көшеге ирригациялық арықтар орнату 2024-2025 жылдарға жоспарланған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» НӘТИЖЕСІ

smarttop

СУДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

smarttop

№72 автобус жүргізушісі ара шағуының салдарынан жүрегі қысылған

smarttop

Пікір қалдыру