1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 8000 БАЛА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ҮЙІРМЕЛЕР МЕН СЕКЦИЯЛАРҒА ТЕГІН ҚАТЫСА АЛАДЫ

❇️ Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілетін болды. Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды. Сапалы білім беруді қамтамасыз етуде жаңа модификацияланған кабинеттермен қамту қарқынды өсуде. Барлық жаңа мектептерде спорт, гимнастика және тренажер залдары, кешенді спорт алаңы (жұмсақ жабыны бар), акт залы, асханалар, медициналық және процедуралық кабинеттер, Интернет желісіне шығуды және мультимедиялық оқыту бағдарламаларын пайдалануды қамтамасыз ететін оқу залы, заманауи аймағы мен кітапхана бар. Мектептерде дербес компьютерлермен жабдықталған компьютерлік сыныптар бар. Оқу кабинеттері проекторлармен, интерактивті тақталармен, мұғалімдердің жұмыс орындары компьютерлермен, ішінара көбейту техникасымен жабдықталған. 141 мектепке 320 интерактивті панель орнатылды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72 пайыздан 85 пайызға өсті. Білім ұйымдары аумағында соңғы үлгідегі спорт алаңшаларымен қамту биыл 100% ға аяқталады. 🔷 Қаладағы үш ауысымда білім беретін №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына аяқталып, пайдалануға беріледі. Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі. Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі. Қала басшысы жауаптыларға салынатын ғимараттардың сапасын, өндірістік кестеге сай аяқталуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс жүргізілетін аумақтарды тиісті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамассыз ету, ғимараттардың барлық талаптарға сай жабдықталуы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Үш ауысымды мектеп мәселесі биыл толық шешімін табатын болады. Сондай-ақ, білім ұйымдарында цифрландыру қарқыны артқан. Айта кетейік, интернетпен қамту талаптары кемінде 20 мб/с. Бүгінде қаланың жүз мектебінде интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ВИЦЕ-МИНИСТР ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Болашақ десантшылар Шымкенттен әскерге аттанды

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

smarttop

Пікір қалдыру