Қаланың аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды. аңсыз кәсіпкерлік — кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат(лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру. Сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.Қылмыстық заңдақылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз
Кез-келген қылмысты нақты бір топқа жатқызу үшін қылмыстық заңды жақсы біліп, қолдану қажет, нақты істің фактілерін ғана біліп қоймай, сонымен қатар қылмыс құрамының белгілерін (бұл істің қылмыс не қылмыс емес екенін, бір қылмысты екінші қылмыстан ажырату үшін) де білу керек.
Қылмыстық құқықтың теориясы әр қылмыстың міндетті төрт элементін анықтайды: қылмыс объектісін, қылмыстың объективті және субъективті жақтарын, қылмыстың субъектісін.
Кез-келген қылмыстың құрамын анықтайтын белгілер осыған негізделе төрт топқа (элементтерге) бөлінеді.Аталған элементтердің әрқайсысы қылмысты құрайтын бөліктердің бірін сипаттайды, сондықтан осы элементтердің бірі болмаса қылмыс құрамы да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын негіз де жоқтығын дәлелдейді.Заңсыз кәсіпкерлік қоғамға қауіптілігі сонда, мұны жасаудың нәтижесінде мемлекеттің экономикасына зиян келеді.Бұл әрекеттің обьектісі-қалыпты экономикалық қызмет.
Зерделеу жұмыстары барысында Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды. Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі