0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: 572 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ АҚЫСЫ СУБСИДИЯЛАНҒАН

Мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтуда елімізде түрлі бастамалар жүзеге асып отыр. Алайда, мемлекет пәтерлі болуға әрекеттеніп, жалдамалы үйді паналап отырған халықтың жағдайын да ұмыт қалдырған жоқ. Баспананың жалдау төлемінің тең жартысына субсидия қаралып, азаматтар жеке пәтерге қол жеткізгенге дейін демеу болып отыр. Шымкентте осы бағдарламамен 572 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет тарапынан төленіп жатыр.
«Отбасы банк» кеңсесінің аға кеңесшісі Индира Мамыртаеваның айтуынша, қалалық Amanat партиясының ғимаратында «Отбасы Банктің» кеңес беру орны ашылып, мамандар күнделікті тұрғындарға бағыт-бағдар беріп келеді. Онда күнделікті 30-ға жуық қала тұрғыны жүгініп, мамандардан кеңес алып жүр. Сонымен қатар, жалдау ақысын субсидиялауға өтінім қалдырады екен.
— Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған І-ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 40 567 теңгеден аспауы тиіс. Сонымен бірге, үміткердің «Отбасы банкте» депозиттік шоты болуы керек. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады. Субсидия алуға өтінімдер пәтер иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦК) көмегімен otbasy­bank.kz сайтында онлайн алады. Ол үшін үйдің иесі төлемдерді алуға арналған өтінім мен дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беруі керек. Және, ЭЦК көмегімен қол қою тиіс. Жүйе деректерді қайта тексеріп, үміткердің субсидия алуға берген өтінімін мақұлдайды,- дейді И.Мамыртаева.
Мемлекет тарапынан берілетін субсидия барлығына бірдей емес, жекелеген азаматтарға ғана қаралғанын айта кеткеніміз жөн. Жалдау төлемі әр шаршы метрге 2412 теңге болып бекітілген. Осылайша ең жоғары шектік көлем 80 шаршы метрге дейін болуы керек. Мәселен, 80х2412=192 960 мың теңгені құрайды. Үміткер жалдап отырған баспананың ауданы 100 шаршы метр болса да, үйдің 80 шаршы метрінің тең жартысының қаражаты ғана субсидияланады.
Мамандардың айтуынша, жалдау төлемін субсидиялауға қатысты өтінім көбіне Қаратау мен Еңбекші ауданынан түседі екен. Абай мен Әл-Фараби ауданымен салыстырғанда алдынғы екі ауданда пәтерақы қолжетімді көрінеді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ?

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 269 АДАМҒА «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру