28.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

«ШЫМКЕНТ КОНЬКИІ-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Мұз сарайында өтіп жатқан респубикалық турнирге еліміздің Астана, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінен және көрші Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен 270 спортшы қатысуда. Турнирде Шымкент қаласынан 60 мәнерлеп сырғанаушы шеберлігін шыңдайды.

Төрт күнге жалғасатын республикалық сайыста мәнерлеп сырғанаушылар өз разрядтарын қорғамақ. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлының айтуынша, мұндай турнир бұқаралық спортты қолдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Конькимен жүгіру спорты-бұл физикалық қозғалыстын бір түрі, яғни адам мұздың үстіңде арнайы аяқ киәімге бекітілген конькимен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенді тынығу болып табылады. Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жұгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге, хоккей ойнауға болады. Конькимен жүгіру жарыстары мен жаттығулары қатырылған мұздың үстінде ұзындығы 400 және 333,33 метр жолдарда өткізіледі. Конькимен жүгірушілерді дайындау үш этаптан тұрады.

–Спортшыларымызды кәсіби аренадағы үлкен додаларға дайындауда осындай спорттық сайыстың маңызы зор. Бүгінгі шараға көршілес елдерден де мәнерлеп сырғанаушылар келіп отыр. Спорттағы разрядттық санаттары мен жас ерекшеліктеріне сай мәнерлеп сырғанаушылар төрт күн бойы қазылар алқасына өз өнерлерін ұсынады,- деді Е.Дәрменов.

Ашылу салтанатының шымылдығын Қазақстан Республикасының спорт шебері, Шымкент қалалық №8 қысқы спорт түрлерінің олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшысы Олег Мельников мерекелік қойылыммен ашты. Түскі үзілістен кейін жасөспірім мәнерлеп сырғанаушылар турнирді жалғастырды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫН АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

smarttop

САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

smarttop

«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН БЕЙБІТШІЛІКТІ БАҒАЛАУЫМЫЗ КЕРЕК»

smarttop

Пікір қалдыру