Smarttop.kz

Полиция қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы аса қауіпті індет болған соң, елімізде оған қарсы күрес қарқынды жүруде. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі бастамалар көтеріліп, жиындар ұйымдастырылып келеді. Мәселен, жуырда Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықты болдырмау хақында мәжіліс өтті. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша басқарма басшысы Ержан Жүнісов, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен қоғамдық кеңес мүшесі Сейтхан Ақтаев және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жемқорлыққа жол бермеу және тосқауыл жасау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Полиция қызметкерлеріне қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, әрбір мемлекеттік орган басшысы өз ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыру жайлы сөз қозғады. Кездесуге келгендер біріккен арнайы бағдарламаларды жасақтауды, оларды жүзеге асыруда насихат жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіретіндіктерін айтты. Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер суға түсу ережесін бұзған 32 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырды

smarttop

2023 ЖЫЛЫ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ МЕН 4 СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫНДА 6 ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру