1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ПӘТЕР САТЫП АЛАРДА ӨЗ ҚАРАЖАТЫҢЫЗҒА САҚ БОЛҒАНЫҢЫЗ ЖӨН!

🔷 Қала тұрғындарының назарына! Алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне қатысты қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – жарамсыз болып саналады. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жылжымайтын мүлікті сатып аларда сотта дауласуға болатын мәміле жасау тәуекелі туралы әрқашан естен шығармау керек. Қазақстанда тұрғын үй бағасы өте жоғары, мұнда көп ақша айналып жатыр — әрдайым криминалды тұлғалар бар, оларды басқалардың ақшасы ұйықтатпайды.

Өкінішке орай, ҚР-да алаяқтардың шырмалған шырмауығына түсіп қалған адал сатып алушы шынайы заңмен қорғалмайды. Егер мәміле заңсыз деп танылса — өз ақшаңызды қайтарып аламын деген талпынысыңыздан, әрекетіңізден ештеңе де шықпайды.Сонымен, егер сіз «орыс рулеткасын» ойнауға және жинағаныңызды конға қоюға әзір болмасаңыз — мәміленің «адалдығын» максималды тексеруді жатпай-атау ойланыңыз. Бұндай жағдайда сізге кәсіби юрист көмектесе алады. Оның көмегінсіз мәміленің заңды адалдығын тексеру — өте күрделі іс, өйткені, жылжымайтын мүліктің құжаттарына және оны сатуға байланысты әр түрлі ерекшеліктерді тексерудегі маңызы зор жұмыстар толыққанды білімді талап етеді.

🔷 «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Қылмыстық» кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады. 🔷 Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің сайтында орналасқан. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет. 🔷 Тел.: 8 707 201 9150 8 775 447 78 89 8 747 309 44 87 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Корей этносының мәдениеті күні іс-шарасы өтті

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру