13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 18 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ «ТАКЕР» ТЕСТІНЕН ӨТТІ

🔷 Шымкент қаласының жасөспірімдері арасында құмар ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған «Такер» тестіне 9-11 сынып оқитын 18 мыңнан астам оқушы қатысты. Оның 13 мыңнан астамы жасыл аймақты көрсетті. Бұл компьютерлік ойындарға қарсы әрекеттің белгісі, ал сары аймаққа 19,6 пайыз, қызыл аймаққа 2,8 пайыз бала түскен. 🔷 Осы орайда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық Білім басқармасы, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдіктері және психологиялық орталықтар бірлесіп, кәмелет жасқа толмағандардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауда арнайы жұмыстар жүргізуде. Бүгінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамында 56 мүше бар. Олар ата-ана құқығынан айыру, бейімдеу немесе девиантты балалар орталығына жіберу, кешкі мектепке орналастыру және білім беру ұйымдарының есебін тыңдау негізінде жұмыс істейді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.

🔷 Сондай-ақ Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында 320-дан астам тәрбие жөніндегі орынбасар, 170-ке жуық әлеуметтік педагог және 270-ке жуық педагог-психолог қызмет атқаруда. Барлық білім беру ұйымдарында медиация кабинеттері ашылған, тәрбие жұмысын дамыту мақсатында «Ата-аналар академиясы» бекітілген. Ал білім басқармасы жанынан психологиялық-педагогикалық қызмет, тәрбие беру орталықтары құрылған. Тelegram желісіндегі чат пен сенім телефондары тұрақты түрде жұмыс жасауда. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ — ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ОРТАЛЫҒЫ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ҚАЛАНЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК»

smarttop

13 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру