0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Жеңіс күнімен құттықтауы

🔹Құрметті қала тұрғындары! Ардақты ардагерлер! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 🔹Бұл күн бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін қолға қару алып, қан майданда жауға қарсы жанкештілікпен шапқыншылық жасаған ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі мен батырлығына тағзым ететін қастерлі күн! 🔹Отан үшін отқа түсіп, аман қайтқан майдагерлеріміздің алдында бас иеміз! Дегенмен, уақыт өз дегеніне жетеді. Жыл өткен сайын Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміз бен тылда тер төккен еңбеккерлеріміздің қатары сиреп барады. Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.

Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.🔹Қаламызда бүгінде небәрі 3 соғыс ардагері және 2183 тыл ардагері тұрады. 🔹Жеңіс сыйлаған майдангерлерімізге құрмет көрсетіп, қамқорлық жасау, көңілін аулап, қас-қабағын бағу — біздің азаматтық борышымыз! 🔹Себебі, өскелең ұрпақ аға буынның қаһармандығы пен қайтпас қайсарлығын үлгі тұтып, болашаққа бет түзейді. 🔹Қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, құрметті шымкенттіктер! 🔹Сіздерді Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ та бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға бақ-береке мен ынтымақ тілеймін.

Ұқсас ақпараттар

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ АРНАЙЫ МОБИЛЬДІК ТОПТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру