9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЫҢ ТАҒЗЫМ СІЗГЕ МАЙДАНГЕР!

🔷 Бүгін Шымкентте Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлердің ұрпақтары қатысып, «Даңқ» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. 🔷 Салтанатты шарада әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Қонақтар «Майдан даласы» алаңына бет алып, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністерді тамашалады. Жеңісті жақындатқан жауынгер аталарымызға қандай құрмет көрсетсекте лайықты. Айбынды білектерімен Отан үшін бар күштерін сарқыған кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымызды ардақтау-абыройлы міндет. Міне, кешегі бейбіт аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгерлер.“Бабамыз – майдангер. Жатқан жері шалғай жер…” атты әлеуметтік роликтің сценарийін жазып болып оқстан ауыр күрсіндім. Мәселен, шығармашылық адамы не жазушы я рухани адам болғаным үшін емес, қазақ болғаным үшін. Қазақ дүниетанымы мен дәстүрі үшін “Аманат”, “Сауап”, “Садақа” “Ұят”, “Обал” “Қарғыс” “Бата”, “Аруақ” деген сөздер құр жеңіл-желпі салмақсыз сөздер емес. Әсіресе, қазақтың арғы бабаларымен көзге көрінбейтін байланысы күшті. Өзге отандастарым да солай қарай ма деп қалдым. Десек те, кейбір белгілі блогерлер мен танымал медиа тұлғаларға осындай ұйым бар екенін, бабаларын тауып беруге болатынын халық кеңінен білуі үшін жақсылықтың жаршысы болып, бірауыз айта жүріңіздер деп өтінген ек, көбісі ашықтан-ашық ақша сұрады. Менің дүниетанымым үшін бұл — әдепсіздік әрі жабайылық. Олар сауапты іс жасалып жатқанын, жалпы халық игілігі үшін жасалып жатқанын аңғарып-ақ отыр. Бәлкім, өз бабалары да соғысқа қатысқан болар.Қанды соғыс жылдарын бейнелеген қойылымдар көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады. 🔷 Қонақтарға майдандағыдай «дала ботқасы» ұсынылды. Өнерпаздар зұлмат кезеңді тақырыпқа арқау еткен “Катюша”, “Ана туралы баллада”, “Жеңіс күні”, “Кестелі орамал” әндерін әуелете шырқады. 🔷 Айта кетейік, соғысқа Шымкенттен 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 3 ардагер 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДТЕРДІ ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ РӨЛІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ: СӘТБАЕВ САЛҒАН САРА ЖОЛДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК

smarttop

Пікір қалдыру