0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 1200-ДЕН АСА ОТБАСЫ ИПОТЕКАЛЫҚ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

🔷 Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспаналы болды. Тұрғын үй мәселесі қай кезде де өзекті. «Үйі жоқтың, күйі жоқ» дегендей, үй баспанасыз жанның басты мұңына айналады. Дей тұрғанмен, бү­гінгі таңда ел тұрғындары үшін бас­­паналы болудың мүмкіндіктері көп. Өңірлерде «Нұрлы жер» бағдар­­ла­­масы арқылы біршама тұрғын үй ке­­шендері салынып, ел игілігіне бе­ріл­ді. Көптеген отбасы қоныс тойын тойлап, қуанышқа кенеліп жатыр. Мем­лекеттің мыңдаған азамат­тарға жа­саған қамқорлығы мен мүмкін­­дік­те­­рінің нәтижесінде әрбір азамат өз ша­­ңырағының иесі атанып, мерейі тасуда. Табыстың көлеміне де талап қойылады. Мәселен, соңғы алты айдың ішінде отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі екі күнкөріс минимумынан, яғни, 62 366 теңгеден аспауы керек. ТОның ішінде, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасы бойынша, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша рәсімделді. «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. 🔷 Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар қатыса алады. 🔷 Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез-келген азаматқа өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған. Айта кетейік, 2022 жылы Шымкентте тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 1641 азамат несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында вейп өнімдерін сатумен айналысқан ағайындылардан 327 дана вейп анықталды

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСҚАН ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ 62 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру