4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Сауран ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде, мас халде көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Яғни полицейлер Сауран ауданы көшелерінің бірінен кешкі сағат 20:30 шамасында «Ваз-2106» маркалы автокөлігінің бұрылыс шамын жақпай жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты.
Тексеру кезінде полицейлер, жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Аталған жайтты нақтылау үшін, медициналық сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас халде екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері мас халде автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған іс-құжаттарды Сауран аудандық сотына жолдады. Бүгінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!  

smarttop

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты

smarttop

ӘЛЕМ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

smarttop

Пікір қалдыру