4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП АШҚАН «ҚАРА БАТЫРДЫҢ» ЫДЫСТАРЫНА ШЕТЕЛДЕН СҰРАНЫС КӨП

«Бастау бизнес» жобасы – жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, компанияларға бәсекелестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету мақсатында ұйымдастырылған. Бұл жоба бес жыл ішінде бірқатар жетістіктерді көрсетіп отыр. «Бизнес Бастау» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. 5 жыл ішінде 185 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкерлік негізін оқып, 53 мың бизнес-жоба жүзеге асырылды. Яғни, «Бизнес Бастау» жобасының әр үшінші түлегі өз кәсібін бастаған. Жоба түлектері 70 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, 1,5 млрд теңгеден аса салық төлеген.
Шымкенттегі жоба аясында кәсіп бастаған жандар көп. Кәдімгі ағашты кәдеге асырып, денсаулыққа пайдалы өнім жасаған кәсіпкердің тағы бірі – Шолпан Көппаева. Ағаштан ыдыс-аяқ бұйымдарын жасап жүрген ол бүгінгі таңда өнімдеріне сұраныс жоғары екенін айтады.
–Менің әкем – ағаш ұстасы. Ал, өзім мейрамхана ыдыстарын сатумен айналысатынмын. Ыдыстарға қарап түрлі идеялар келетін. Ерекше дизайнмен түрлі тісбасарлар салуға арналған және әртүрлі ұлттардың тағамдарын ұсынуға болатын өзгеше ыдыстарды сызып көріп жүрдім. Мұны ағаштан жасаса қалай шығатыны қызық болып, әкеме ұсыныс айттым. Әкем жаңғақ ағашынан, тұт ағашынан эскиздерімді өңдеп жасап көрді. Содан осындай керемет дүниелер пайда болды. Бүгінде «Қара батыр» брендімен біраз танымалдылыққа жеттік. Тапсырыс берушілер мейрамхана, тойхана, ресторандар. Ыдыстарым ас ұсынғанда ғана әдемі көрініп қоймай, тағамның пайдалылығын, нәрлілігін өн бойына сақтайды. Бұл заттар дымқыл ағаштан жасалады. Оның кебуі бар, станокқа салып ою, одан кейін өрнек салу – бәрін есептегенде бір аптадай уақыт кетеді. Ағаш ыдыстарын жасау үлкен еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Есесіне денсаулыққа пайдасы зор. Тамақтың құнарлылығын сақтап, түрлі бактерияларды жояды. Сапалы ыдысты таңдау үшін оның ағашына мән беру керек. Қайың, еменнен жасалған ағаш ыдыстар ыстық пен суық әсерінен тез сынбайды, ұзаққа шыдайды. Қазақ ерте кезден ағашты пайдалана білген. Ал, біз бүгінде бұл өнерді жаңғырту, халыққа ұсыну жұмысымен шұғылданып отырмыз. Ағаш ыдыстарға деген халықтың сұранысы жақсы. Әсіресе, шетелдіктер көп қызығады, – дейді Ш.Көппаева

Ұқсас ақпараттар

Ел бірлігі – ең басты құндылық

smarttop

ҚҰРСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА!

smarttop

Пікір қалдыру