Шымкент қаласы Қаратау ауданында әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Атап айтқанда, аудан аумағында апта сайын тұрақты түрде 5 орында жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.
Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз турында Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов мәлімдеді. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады
Журналистер, ең алдымен, Қаратау ауданы Тұран шағын ауданындағы азық-түлік жәрмеңкесінде болды. Мұнда ұн, жұмыртқа, ет, шұжық, сүт өнімдері мен күнбағыс майы секілді ең қажетті өнімдер нарықтан 15 пайызға арзан бағамен сатылып жатыр. Тұрғындар үйіне жақын жерде өтетін әрі бағасы да қолжетімді болғандықтан жәрмеңкеге жиі келетінін айтады.
Мұнан кейін аудандағы инфрақұрылым желілерінің құрылысымен таныстырды. Атап айтқанда, аудандағы балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңдарының құрылысын көріп шықты.
–Қаратау ауданының аумағында бүгінде 494 көпқабатты үй бар. Олар 155 аулаға біріктірілген. Қолданыста 128 ойын алаңшасы мен 70 спорт алаңшасы бар. Өткен 2022 жылы ауданымызда 41 аула абаттандырылып, 10 спорт алаңшасы салынды. Бұл жұмыс биыл да жалғасып жатыр. Биылғы жылы 34 ауланы абаттандырып, онда 7 спорт алаңшасы салуға 1 миллиард 460 миллион теңге бөлінді, — деді Р.Мүлкеманов.
Қаратау ауданында басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 70 көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселсе, жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 41 ішкі орамдық көшелерге шағал тас төселеді.
«Шымкент келбеті»