Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 4 мамыр күні аудан әкімдіктерде білім басқармасында, өмір тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінде (Оңтүстік Жарық Транзит, Интергаз) және А.Пушкин атындағы №1 мекеп-гимназиясында сейсмикалық жаттығу өткізілді.Дағдылар мен сауатты әрекеттерді дамыту мақсатында өткізілген іс-шараға оқуға барлық оқушылар мен мұғалімдер, жұмысшылар тартылды. Қатысушыларға күшті жер сілкінісінің туындау қаупі кезіндегі және одан кейінгі әрекеттердің тәртібі туралы ақпарат берілді.Оқу-жаттығу барысында апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша жер сілкінісі кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Авариялық-құтқару қызметтерінің, азаматтық қорғау бөлімшелерінің және жалпы ТЖ қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кездегі олардың жұмысының тиімділігі бағаланды. Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, барлық жалпы білім беретін мектептерде, тұрғын алаптарда, көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық оқу-жаттығу жүргізілуде. Аталған іс-шара ықтимал жер сілкіністері кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жоюға бағытталған.
Оқу-жаттығу барысында апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша жер сілкінісі кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Авариялық-құтқару қызметтерінің, азаматтық қорғау бөлімшелерінің және жалпы ТЖ қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кездегі олардың жұмысының тиімділігі бағаланды. Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, барлық жалпы білім беретін мектептерде, тұрғын алаптарда, көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық оқу-жаттығу жүргізілуде. Аталған іс-шара ықтимал жер сілкіністері кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жоюға бағытталған.

Оқу-жаттығу барысында қызметкерлерге «Жер сілкінісі» кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер түсіндіріліп, сейсмикалық жаттығу қосымша жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

smarttop

Түркістан облысының бас полицейі өткен жылды қорытындылап, халыққа онлайн режимде есеп берді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 453 ОҚУШЫ «АЛТЫН БЕЛГІ» ҮМІТКЕРІ АТАНЫП ОТЫР

smarttop

Пікір қалдыру