Smarttop.kz

БИЫЛ ТАССАЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 200 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар индустриялық аймақтарды аралап, кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты. 🔷 Қазір «Тассай» индустриялық аймағында 24 жоба іске қосылып, онда 1,8 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Жалпы аймақ іске қосылғалы мұндағы кәсіпорындардан бюджетке 8,2 млрд. теңге салық төленген. Бизнес өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдаған М.Дүйсенбекұлы туындаған проблемалардың оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. «Аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау қажет. Оған дейін кәсіпорындардың уақытша электр қуатымен қамтылуын ұйымдастырыңыздар. Инвесторларға берілген жер телімдерінің тиімді пайдаланылуын қадағалауға алыңыздар» — деді қала әкімі. 🔷 Жыл соңына дейін мұнда 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар 200 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы. 🔷 Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындардың қуаттылығына сай жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасап, абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері жағдайы төмен отбасыға қайырымдылық жасады

smarttop

ҚАЛАДА БІРҚАТАР БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

smarttop

АШЫҚ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ: ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру