37.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

БИЗНЕС ФОРУМДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔷 Бүгін Шымкентте «Арманда» бизнес форумы өтті. Жиында медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяров, белгілі дінтанушы, Нұрлан Байжігітұлы, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызы кәсіп түрлерін меңгерудің тың тәсілдерімен қоса отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани дамуы тақырыптарында сөз қозғады.

🔷 Пікірталас алаңында бренд қалыптастыру, нарықта сұранысқа ие бизнес түрлерін игеру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мәселелерінде түрлі кеңестер айтылды. Басқосуда кәсіпкерлікті дамытуда мегаполистің мүмкіндіктері мен инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру тетіктері қарастырылды.

🔷 Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.

🔷 Алдағы уақытта мұндай форумдар еліміздің өзге де қалаларында жалғасады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

smarttop

САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

КӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК САУДА ОРЫНДАРЫНАН 2500-ГЕ ЖУЫҚ СЫНАМА АЛЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру