9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ЖАСЫЛ ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

🔷 Бүгін Шымкентте «Жасыл қала» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жиын өтті. Ауқымды жоба мегаполистің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Орталық Азия бойынша Еуропа қайта құру және даму банк өкілдері қатысып, бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтады. Жобада жер, су ресурстарын тиімді пайдалану, ауаның ластануы, орталық жылу жүйесі, көлік кептелістері мен қалдықтарды залалсыздандыруға қатысты қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудің инвестициялық жобалары мен іс-шаралары қарастырылған. Бағдарламаның мақсаты – қаланы көгалдандыру, агро-ауыл шаруашылығы белдеуін дамытып, сақтау және әлемдік мегаполистер тәжірибесі бойынша жаңа бау-саябақ мәдениетін құру. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов жетекшілік еткен жобалаушы топта түрлі саланың сарапшылары (сәулетшілер, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары, биологтар, агрономдар, бағбандар, гидротехниктер, экономистер мен студенттер) бар. Құжатта Шымкенттің жасыл белдеуін қалыптастырудың, көшелерді көгалдандырып, саябақ аумақтарын дамытудың нақты жобалары ұсынылған. Бағдарлама авторларының айтуынша, мұндай жобаның қажеттілігі әлдеқашан пайда болған. Себебі облыс орталығы тұрғындарының саны жыл сайын артып келеді. Нақты айтқанда қалаға кіреберіс аймақтарда тоғайлар, ауыл шаруашылығы жерлерінің маңында талдар алқабы құрылмақ. Бұған қоса қаладағы өзендердің бойынан гүлзарлар салынып, жүзімдіктер мен жеміс баулары бар көшелердің саны артады деп күтілуде. Сонымен қатар ұлттық үлгідегі этнографиялық гүлзарлар пайда болады. Бағдарлама жасаушылар Шымкенттің символы – қызғалдақты да ұмытпаған. Нақты айтқанда бағдарламада көрсетілген мақсаттың бірі — шаһарда қызғалдақ қорын құру. 🔷 «Консультанттардың халықаралық тәжірибесі бізге қаланы тұрақты дамытуда оңтайлы техникалық шешімдер мен ұсынымдарды қарастыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін. Біз жоспар шеңберінде қаламызда қоғамдық көліктердің баламалы түрлерін енгізу, агломерациямен көлік мәселесін шешу, суару секторы, энергияны үнемдейтін сыртқы жарықтандыру, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағыттарын дамытуды көздеп отырмыз. Жоспарды жүзеге асыруға әкімдік құрылымындағы тиісті басқармалардан бөлек азаматтық қоғам, бизнес, сарапшылар қауымдастығының өкілдері де белсенділік танытады деген сенімдемін», — деді қала әкімі. 🔷 Айта кетейік, 2018 жылы қабылданған «Жасыл қала» бағдарламасында көгалдандыру, ауыл шаруашылығы белдеуін дамыту, әлемдік мегаполистер тәжірибесімен бау-саябақ мәдениетін құру мақсатындағы кешенді жоспарлар қарастырылған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫНДА 10 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

smarttop

ҚАЙТПАСТА БИЫЛ 5 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру