3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА БАСТАУЛАРДЫҢ БІРІ

Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде мегаполисте инвестклимат жақсарып келеді. Бұл бағыттағы кешенді шаралар өз жемісін беруде. Биылғы алғашқы тоқсанда қалаға 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,6% құрап отыр. Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. ікелей шетелдік инвес­ти­ция­лардың көлемі елдің ашық­ты­ғының, нарықтық эко­номикаға бейілділігінің әрі бизнес жүр­гізуге тартымдылығының бас­­­ты бел­гісі саналады. Сондай-ақ бұл – кез келген мемлекеттегі жағдайдың тұрақ­ты­лы­ғының айқын дәлелі. Әйтпесе, берекесі қашқан елге инвесторлардың қаржы құюы былай тұрсын, маңайламасы анық. Ал Қазақстан тартылған тікелей шетелдік ин­вес­тицияның жан басына шақ­қандағы көрсеткіші бо­йынша әлемдегі көшбасшы мем­ле­кет­тердің біріне айналды. Бұл де­геніміз қомақты қаржы ғана емес, бұл – ірі жобалар, жаңа технологиялар. Біздегі шикізаттық базаның молдығы, саяси жүйенің тұрақтылығы, инвестициялық кли­маттың мықтылығы, геогра­фия­­­лық тұрғыдан тиімді орналас­уы тікелей шетелдік инвес­ти­ция­ға жол ашып отыр.Діттелген межеге қол жеткізу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде. 🔷 Биыл «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инфрақұрылым құрылысы аяқталады. Бүгінде аймақтың 1,8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы 21 жобасы әзірленді. Сондай-ақ, қалада жеке «Standard» индустриялық аймағы құрылуда. Қазір «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 га дейін, ал сауда-логистикалық орталығын 136 га дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Айта кетейік, Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында 2023 жылдың қорытындысымен инвестициялық штабтың 16 отырысы өткізіліп, 157 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген.

Ұқсас ақпараттар

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЕСКЕРТІЛДІ

smarttop

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН ҮЛГІ РЕТІНДЕ КӨРСЕТЕ АЛАМЫЗ»

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР МЕН ГАЗ СТАНЦИЯЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

smarttop

Пікір қалдыру