0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ АРЗАН ӘРІ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ

🔷 «Қайнарбұлақ» елдімекенінде электр қуатын тарату бекетінің, 35 трансформатордың, 50,7 шақырым электр желісінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде жаңақұрылыс аумағында 2760 абонент сапалы жарық жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.

Қазіргі уақытта адамзат қоғамының энергия қажеттілігін шамамен 80%-ын қазып шығарылатын жер асты байлықтары болған мұнай, көмір, газ энергиялары арқылы қанағаттантырылады. Әрбір мемлекет экономикасы ғылыми-техникасы және өндіріс салаларының қуаттылығы мемлекеттегі адам басына өндіріп шығарылатын энергияменен бағаланады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, транспорттағы машиналардың пайдалы жұмыс орындауы, жылу механизмдерінің жанар – май ішкі энергиясын механикалық энергияға түрлендіру процессіне негізделінген. Ғалымдар мен мамандардың есептеулері бойынша қазіргі таңда негізгі табиғи энергия көздері болған мұнай газ, таскөмірлердің қорлары ғасырымыздың екінші жартысында толық таусылады. Сондықтан жаңа баламалы қайтымды энергия көздерін жарату бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады. Қазіргі энергия қорларын сақтау, бізді қоршаған ортаның экологиясын жақсарту, техниканың жаңа салалары арқылы адамзат өмірінде түбегейлі өзгерістер жасауда баламалы энергия көздерінің рөлі өте үлкен болады. Күн, жел, мұхит және теңіз су толқындары, биомасса, гидростанциялардың энергиялары қайтымды-баламалы энергия көздеріне жатады. Бұлардан біздің регион үшін күн энергиясынан пайдалану ыңғайлы, себебі жасап тұрған территориямыздың географиялық жағдайы бойынша бір жылдың 85%-нан көп уақытында күн сәулесі энергиясынан пайдалану мүмкіншілігі бар. Өмірімізде күн энергиясынан эффективтікті пайдалануды жолға қойып істеп шығу келешекте адамзат үшін энергия проблемасы толық шешілуі мүмкін.

🔷 Осыған дейін жергілікті тұрғындар жекенің меншігіндегі электр қуатының әр киловатына 26-30 теңге төлеген болса, тариф құны енді 17,9 теңгеге төмендеді. Қазір мұнда «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. 🔷 Жалпы, қала аумағында шағынаудандарды сапалы жарықпен қамту бойынша қосалқы стансаның және 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін электр қуатымен қамту көрсеткішін 98%-дан 100 %-ға жеткізу жоспарлануда. 🔷 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АКИМ ГОРОДА ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ ДОРОГ

smarttop

ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

smarttop

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру