16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛҒЫ МАРАФОНДА РЕКОРД ОРНАДЫ

Шымкентте 5-ші рет өткен жүгіру марафонында биыл рекорд орнады. Оған 5 мыңға жуық азамат қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алынған бұқаралық сайыстың жүлде қорына 11 млн теңге қойылды.
Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады.
Ең ұзағы — 42 шақырым. Оны Шохрух Давлатов есімді желаяқ бірінші болып бағындырды. Көрші ел Өзбекстан Республикасынан келген марафоншы аталған аралықты 2 сағат 25 минутта жүгіріп өтті. Ең бастысы — марафонға қатысуға психологиялық тұрғыдан дайын болыңыз. Эмоционалдық дайындық жеңіске бастаудың басты жолы. Марафонға қатысуға бел байласаңыз, жеңіске дайындалыңыз. «Көппен көрген ұлы той», «Бастысы жеңіс емес, қатысу» деген сөздер сіздің дайындығыңызды да, жігеріңізді де төмендететін факторлар.Жүгіру — жалғыз айналысатын спорт түрі. Алайда, алғаш айналысып жүргендер үшін жүгіру іспыстырарлық немесе қорқынышты болуы мүмкін. Сондықтан, алғашқы 3 айда өзіңізге жақсы компания тауып алыңыз. Топтағы адамдардың сізден қарағанда марафон туралы көбірек білгені пайдалы. Жалғыз жүгіру сізге ойлануға мүмкіндік беріп, демалуыңызға көмектессе, құлаққап та жақсы жолсерік бола алады. Спорттық жүгіріске арналған музыкалар тыңдау да еңбек өнімділігін арттыра түседі.
Бұдан бөлек, 5, 10 және 21 шақырымдық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлақтармен марапатталды.
Жалпы марафон бағдарламасына скандинавиялық жүріс пен экиден сынды бағыттар да қосылды.
Алдағы уақытта ұйымдастырушылар спорттық шараны тұрақты түрде өткізіп, оның форматы мен ауқымын кеңейтуді жоспарлауда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

3 адамды алдап алаяқтықпен айналысқан күдікті анықталды

smarttop

БИЫЛ ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА СОВЕРШИЛ ОБЛЕТ ПОДТОПЛЕННЫХ ТЕРРИТОРИЙ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

smarttop

Пікір қалдыру