12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

🔷 Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, республикалық бюджеттің атқарылу және өрт қаупі бар кезеңге дайындық шаралары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-сәуір айларында ел экономикасының 5%-ға өскенін баяндады. Барлық негізгі салаларда оң динамика байқалған. Үкімет басшысы министрлер мен түрлі деңгейдегі әкімдерге экономиканы одан әрі әртараптандыруда және тұрақты жұмыс орындарын құруда кешенді шараларды жалғастыруды тапсырды.л бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны. Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады. 🔷 Премьер-Министрдің айтуынша, Қазгидрометтің болжамы бойынша жаз мезгілі жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болады деп күтілуде. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін. Бүгінгі отырыста өрт қауіпсіздігін алдын алу шаралары да пысықталды. 🔷 Қазір өңірлер осы бағыттағы жұмыстарға қызу кіріскен. Шымкентте де тілсіз жауды алдын алу шаралары жоспар аясында жүргізілуде. Әлихан Смайылов табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелерін белсенді түрде енгізу қажеттігіне тоқталып, дайындық жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда бірқатар тапсырмалар жүктеді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 15 АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨППӘТЕРЛІ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ЖӘНЕ 21 ТҰРҒЫН ҮЙ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

АБАЙҒА АРНАУ АРНАҒАН ПОЛИЦЕЙ — ДӘУЛЕТ

smarttop

Пікір қалдыру