Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ-ЦИРК ОРКЕСТРІ БҮКІЛӘЛЕМДІК МУЗЫКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ “АЛТЫН ҚҰРМЕТ” КІТАБЫНА ЕНДІ

🔷 Шымкент-цирк оркестрі Ресейде өткен халықаралық деңгейдегі үрмелі және соқпалы аспаптар оркестрлерінің конкурсында 1-дәрежелі жеңімпаз атанды. Қашықтықтан ұйымдастырылған байқауға оркестр солисі Д.Хашимханованың орындауындағы халық әні «Қамажайға» жазылған парафраз композициясы мен американдық композитор У.Херстың «Мен осылай істедім» (Deed I do) әні ұсынылған болатын. 🔷 Джаз, брасс-квинтеттер, диксиленд топтарының, эстрадалық-симфониялық оркестрлердің өнерлерін сарапқа салған музыка корифейлерін шымкенттік шығармашыл топ әмбебаптығымен, стандартты оркестрге домбыра, қобыз үнін ұтымды пайдалануымен, керемет гармониялық үйлесіммен, ырғақ алуандығымен, вокал біліктілігімен тәнті етті. Осылайша жергілікті өнер тобы бүкіләлемдік музыкалық Қауымдастықтың “Алтын Кұрмет” кітабына енді. 🔷 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«1 000 000 теңге ұттыңыз» деп 10-нан астам тұрғынды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

smarttop

ОТАН ҚУАТ ОТБАСЫ ШУАҚ

smarttop

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді

smarttop

Пікір қалдыру