Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ-ЦИРК ОРКЕСТРІ БҮКІЛӘЛЕМДІК МУЗЫКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ “АЛТЫН ҚҰРМЕТ” КІТАБЫНА ЕНДІ

🔷 Шымкент-цирк оркестрі Ресейде өткен халықаралық деңгейдегі үрмелі және соқпалы аспаптар оркестрлерінің конкурсында 1-дәрежелі жеңімпаз атанды. Қашықтықтан ұйымдастырылған байқауға оркестр солисі Д.Хашимханованың орындауындағы халық әні «Қамажайға» жазылған парафраз композициясы мен американдық композитор У.Херстың «Мен осылай істедім» (Deed I do) әні ұсынылған болатын. 🔷 Джаз, брасс-квинтеттер, диксиленд топтарының, эстрадалық-симфониялық оркестрлердің өнерлерін сарапқа салған музыка корифейлерін шымкенттік шығармашыл топ әмбебаптығымен, стандартты оркестрге домбыра, қобыз үнін ұтымды пайдалануымен, керемет гармониялық үйлесіммен, ырғақ алуандығымен, вокал біліктілігімен тәнті етті. Осылайша жергілікті өнер тобы бүкіләлемдік музыкалық Қауымдастықтың “Алтын Кұрмет” кітабына енді. 🔷 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БЫЛТЫР ШЫМКЕНТТІК ЖАС СПОРТШЫЛАР ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬДІ ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

smarttop

ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

КӨЛІК ШИНАСЫН АУЫСТЫРМАҒАН 298 ЖҮРГІЗУШІГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру