Smarttop.kz

“Ордабасы” командасы “Қызылжар” командасын ҚР кубогының 1/4 финалында 2:0 есебімен ұтты

🔷 Шымкентте Қажымұқан стадионында Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалында шымкенттік «Ордабасы» петропавлдық «Қызылжармен» ойнады. Екі команда да негізгі құрамда шағын ротация жүргізді. Жекпе-жек өте тартысты өтті, алаң иелері көп жағдайда бастаманы өз қолында ұстады. Алайда бірінші тайм гол соғылмады, ал екіншісінде қонақтардың қорғанысындағы бірнеше минуттан кейін Асхат Тағыберген айып добынан есеп айырмасын ұзартты. Есеп 2:0. 🔷 Қарымта ойын 7 маусымда Петропавлда өтеді. Сондай-ақ іс шара барысында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР Кубогының жеңімпазы «БИИК- Шымкент» командасын жүлделерімен құттықтады. Қаламыздан қанат қаққан спортшыларымыздың жеңісі жалғаса берсін! 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Дежурный ЦОН г. Шымкент будет работать по субботам

smarttop

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ АУЫЗСУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Электрондық төлем жүйесі

smarttop

Пікір қалдыру