13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН, ТАССАЙ, МИРАС ШАҒЫНАУДАРЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

🔷 Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуінде баяндалды. Жыл соңына дейін осы бағытта 4 жобаның құрылысы аяқталып, Тұран, Тассай, Мирас елдімекендеріне кәріз жүйелері тартылады. Нәтижесінде 40 мыңнан аса абонент канализацияға қосылуға мүмкіндік алады.

Бүгінде қала аумағында жалпы 838 шақырым кәріз құбырлары бар болса, оның ішінде 168 шақырымы магистралды және 670 шақырымы ішкі орамдық жүйелер. Алайда, 73% құбырлардың тозығы жеткен.

Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәрізбен қамту мақсатында, 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тоғыс шағын ауданындағы магистралдық кәріз коллекторының құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтап, ондағы 24 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады.

Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі.Ал, Тұран шағын аудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылатын болады.

Қазір ауданның кәріз желілерімен қамту көрсеткіші 57,9 жетіп отыр. Жоспар бойынша 2025 жылы елдімекендердің 65 пайызын орталықтандырылған канализациялық жүйеге қосу жоспарлануда. 🔷 Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і, 713,5 мың абонент кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Қазір қалада 2 магистральды кәріз коллекторының және 9 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл қорытындысымен қала аумағында 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл қамту көрсеткішін 60 пайыздан 75 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

ИНВЕСТ ШТАБТА 10 ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

6 АЙДА ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 139 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПҚАН

smarttop

Пікір қалдыру