16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ: «ҚАЛАМЫЗ ТАҒЫ БІР САЯБАҚПЕН ТОЛЫҒАДЫ»

🔷 Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін Shymkenт City шағын ауданында болып, мұнда жаңадан салынатын саябақ құрылысының жобасымен танысты. Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде шағын ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде.

Саябақтардың  және ландшафтты өнердің даму тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Бұл  мәліметті тарихшылардың, ақын –  жазушылардың шығармаларынан оқуға  болады.Соңғы жылдары бақ – саябақ өнерінің БҰҰ қарамағындағы бақтар комитеті жұмыс істейді және ландшафтты архитекторлардың халықаралық федерациясы құрылған. Әлемдік комитет саябақ ескерткіштерінің тізімін құрған.

🔷 Бұған дейін «Shymkenт City» аумағының даму жоспарына 15 инвестор тартылып, тұрғын үй құрылыстары қарқын алды. Сондай-ақ, заманауи ғимараттар, бизнес кеңселер, әкімшілік-іскерлік орталықтар салуға сырттан да инвестициялық жобалар тартылған. 🔷 Сонымен қатар мұнда жеке инвесторлардың қаржыландыруымен жаңадан 300-ге жуық көп қабатты тұрғын үй, әрқайсысы 1200 орындық 3 мектеп, балабақшалар, емхана, саябақ және конгресс-холл құрылыстары жүргізілуде. Саябақ құрылысына келсек, нысанда көгалдандыру алаңы 164 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңшасы, 19 спорттық алаң орналасатын болады.

Көшелерді көгалдандыруға ағаш және бұталар қолданылады. Көгалдандырудың қарапайым үлгісі ол, ағаштарды жолдың екі жағына бір қатарлап отырғызу. Екінші үлгі тратуармен жүретін жолдың арасына  ағашты топтайты және олардың қатарына бұталарды да отырғызуды қарастыруға  болады. Ағаштарды отырғызған реолактың  көлденең жалпақтығы 1,5-3,0м, үйлердің қабырғасынан бес метр алыс болу керек. 🔷 Сондай-ақ, 2,8 шақырымдық веложол, жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті, 7 мыңнан аса гүл, 6 мың бұта егу жоспарланған. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қала келбеті тағы бір саябақпен көмкеріле түсетінін, қаланы жасыл желекке бөлеу арқылы шаһар тынысы ашыла түсетінін айтып өтті. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ЧУМЧАК» ЖӘНЕ «КӨК» КАНАЛДАРЫ ҚАРАШАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

smarttop

БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ БІР БАҒЫТТЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТАМЫЗДЫҢ 31 КҮНІ АШЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖУЫРДА 432 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру