0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУСТАРДЫҢ 90% ПАЙЫЗЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

🔷 Бүгінде қалада жолаушыларға 10 автопарк қызмет көрсетеді, онда 1000-ға жуық автобус тіркелген. Қоғамдық көліктердің 90% пайызы жаңартылған. Қазір әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 75 маршрут айқындалған. Автобус маршруттары субсидиялар есебі арқылы қала аумағын, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтарды қамтиды.

Автобустармен тасымалды ұйымдастыру үшін автокөлік мекемесі әртүрлі дейгейдегі мақсаттар мен бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Осы ұйымдастыру жұмыстарының негізгілеріне тоқталсақ:

— көшелердің орналасуына және жол қашықтықтарына сәйкес маршруттардың ыңғайлы сұлбаларын қарастырады;

— тәулік сағаттары, апта күндері жыл мезгілдерінің әртүрлі ерекшеліктеріне және жолаушы ағынының өзгерісіне сәйкес автобустардың түрін және санын анықтау;

— жолаушы тасымалын нәтижелі ұйымдастыру үшін жолаушыларды анықтап талдау жасау;

— маршруттар бойынша автобустардың қозғалысын жүйелі түрде бақылау;

— автобустарда қызмет көрсету мен тасымал сапасын жақсарту шараларын халықтың сұранысы мен заман талабына сай ұйымдастыра білу т.б.;

Жалпы жолаушы тасымалын ұйымдастыру жұмыстарын екі бөлімге бөліп қарастырады: автобустардың жүрісін ұйымдастыру және диспетчерлік басқару.

Ұйымдастыру бөліміне жолаушыларды тасымалдаудың оңтайлы жоспарын құру және оның неғұрлым тиімді жолмен орындалуын қамтамасыз ету шаралары жатады.

Диспетчерлік басқару бөліміне жол шаруашылығындағы барлық автобустардың қозғалысын бақылау мен шұғыл реттеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған басқару шаралары жатады.

Жолаушы автокөлігінің жұмыс тиімділігін анықтауда маңызды орын алатын шара-қозғалысты ұйымдастыру әдістері. Сондықтан қазіргі заманғы экономикалың өлшемдер мен математикалық әдіс-тәсілдер арқылы автобус қозғалысын жетілдіру маршрутты автобустардың жұмыс тиімділігін артырудың ең негізгі жолы болып табылады.

🔷 Тұрақты маршруттардағы 600-ден астам автобусқа жанар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метан пайдаланылады. Автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Латипша АСАНОВ, Шымкент қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы:

smarttop

ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ БІРІ

smarttop

ВО ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ ЧИСТОТЫ БЫЛА ОЧИЩЕНА ГОРОДСКАЯ РЕКА КОШКАР АТА

smarttop

Пікір қалдыру