4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ АУЫЗСУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САПАЛЫ ОРЫНДАУДЫ ТАПСЫРДЫ

🔷 Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды аралауға шықты. Айта кеткеніміз жөн, Қайнарбұлақта ауыз су кесте бойынша шектеулі уақытпен беріледі. 🔷 Сондықтан Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін мұнан бөлек 170 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 75%-ы орындалған. Биылғы жылдың соңына қарай жобаны толық аяқтау межеленген. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекемелерге жұмысты ширатуды, әрі соған сай сапалы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ елдімекенінде электр қуатын тарату бекетіндегі 35 трансформатор бойынша 50 шақырым электр желісінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде жаңақұрылыс аумағында 2 760 абонент сапалы электр жарығына қосылуға мүмкіндік алды. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандар іске қосылған жағдайда Қайнарбұлақ электр қуатымен 100% қамтылады. 🔷 Жалпы қала аумағында шағынаудандарды сапалы жарықпен қамту бойынша қосалқы стансаның және 4 нысанның құрылыс жұмыстары қолға алынған. Жыл соңына дейін электр қуатымен қамту көрсеткішін 98%-дан 99 %-ға жеткізіледі. Сонымен бірге Қайнарбұлақ елдімекенін табиғи газбен қамту жұмыстарын «Отау Строй» ЖШС-і мойнына алған, қазір мердігерлік мекеме тарапынан құрылыс кестеге сай жүргізілуде. Елдімекенге табиғи газ құбырын тарту жұмыстарының жобасы ауқымды болуына орай газдандыруды 2024 жылы аяқтау жоспарланған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНА ҚОСЫМША 120 ҚОҚЫС АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИГІЛІКТЕРІ

smarttop

ШАНИН ҰРПАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру