9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

🔷 Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Биыл акция 2023 жылдың 26 мамырында сағат 17.00-де Шымкент қаласындағы Арбат бойында өткізіледі деп жоспарлануда.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалары бар.

Іс-шара барысында кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар. Тіпті, акция форматының ауқымы мен географиясы Қазақстанда ғана емес әлемде де өте үлкен.

Қазақстанда бүгінде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Іс-шараға қатысқан қарапайым қазақстандықтар өз алғыстарын білдіріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.

Айта кету керек карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. Ал 2023 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.

🔷 «Халық заңгері» акциясын өткізу жыл сайын дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтардың алғысына бөленуде. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды.
Заң саласында бағыт-бағдар беретін бұл акцияға құқықтық көмекке мұқтаж азаматтар заңгер кеңесін алуына болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚЫЗМЕТ ЖАСАУДА

smarttop

ТАРИФ ҚҰНЫ 17,9 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН БОЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру