0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНДА БЕС МЫҢНАН АСА НАУҚАСҚА ОТА ЖАСАЛҒАН

Шымкенттегі Жүрек орталығында жыл басынан бері 3720 -нан аса ишемиялық ауруға шалдыққан ауыр науқастарға сәтті тері арқылы инвазивтік әдіспен коронарография, 2125 науқастарға стен орнату отасы жасалынды. Операцияның басым бөлігі жүрек талмасына ұшыраған науқастарға жасалып, хирургиялық емнің барлығы жоғары технологиялардың көмегімен істелген.
Медицина мамандары жасаған жоғары технологиялық операциялар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артты.Нақтырақ айтқанда, орталықта 2022 жылы 576 ашық жүрек операциясы жасалынды.
“Қаладағы Жүрек орталығында жоғары технологиялық операциялары қарқынды енгізулуде. Жүрек клапандарындағы реконструктивті операциялар, MICS-клапан аппараты мен АКШ операциялары, төмен ФВ бар науқастарда сол жақ қарыншалық аневризмаларды кесу. Миниинвазивті операциялар: бейнеэндоскопиялық аппараты қолдану. ЭКМО қолдану.
o Cозылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарды басқарудың хирургиялық бағдарламасы бойынша LVAD имплантациясы-5 науқасқа қондырғы орнатылды. Бірінші рет аорталды және митральды қақпашаларға транскатетерлі имплантация TAVI қондырғысы орнату, барлығы – 6 жағдай, қолқа аневризмасына стент графт орнату-1 отасы жасалды” -дейді дейді Жүрек орталығының басшысы Дархан Сүйгенбаев.
Айта кетейік, орталықта жүрекке стенд қою, жүректің қақпақшасын ауыстыру, аортакоронарлы шунттау отасы, туа біткен ахауларын бекіту, жүре келе пайда болған ахауды протездеу, жүрекке ашық операция жасау сынды 40 -қа жуық операция түрі жасалады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ 53 ҮЙІРМЕГЕ 2400 ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

smarttop

ЖОЛДАУДА ҚОҒАМНЫҢ КҮТКЕН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН «GOLDEN CAMEL» ЗАУЫТЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру